Жарияланды: 520

Glencore $19,5 млрд-қа ENRC –ді сатып алуды жоспарлауда

Әлемдік аса ірі трейдер Glencore $19,5 млрд-қа ENRC –ді сатып алуды жоспарлауда, деп Sunday Times-қа сілтемелеп Reuters хабарлайды.

«Келіссөздерге жақын дереккөзге сілтемелеп газет Glencore басшысы Айван Глазенберг ENRC-нің үш құрылтайшылары - Александр Машкевич, Патох Шодиев және Алиджан Ибрагимовпен келіссөздер жүргізгенін хабарлады. Бұл үш акционерлер ENRC акцияларының 45%-ын бақылайды», - деп жазады басылым. «Екі тарап та мәмілеге келісті», - деп хабарлады дереккөз газетке. «Олар Glencore листингі аяқталғанша келіссөздерді тоқтата тұру және одан соң мәміле сомасыны пысықтауға келісті. Олар жақын келешекте кездесуді жоспарлауда»,- делінген мақалада. Glencore сондай-ақ Қазақстан үкіметімен де сатып алу туралы келіссөздер өткізді. Қазақстан үкіметінің ENRC-дегі үлесі – 12%. Акцияларының 20%-ы еркін айналымда жүрген ENRC, Glencore көзіне баяғыдан түсіп жүрген. Мәмілелерге әр кез талғампазтық танытқан Glencore үшін ENRC-дің ескерілмей қалған акциялары тартымды болған шығар және тау-кен алыбының директорлар кеңесіндегі тәуелсіз директорлар компания негізін қалаушыларға қарсы бас көтеріп, басқаруға қатысты даудың өршіп кетуінен акцияларының төмендеуі түрткі болуы мүмкін. Тәулсіз екі директорды акционерлер ығыстырды және, кем дегенде тағы біреуі отставкаға кетпекші, деп хабарлады дереккөз. Бірақ өндірістік сектордағы бір дереккөз Glencore үшін ENRC сияқты аумақты компаниясын сатып алу әлі ерте сияқты деп мәлім етті. Өйтпеген жағдайда Glencore листинг проспектісінде жоспарларын ашып, мәмілеге қажет ақшаны іздестіруіне тура келген болар еді, себебі алдағы 6 айда трейдер жаңа акцияларды шығара алмайды. Сарапшылар Glencore компанияның барлығын емес, ENRC-ның бір үлесін ғана сатып ала алатын шығар деген болжам айтуда. Бәлкім ол «Қазақмысқа» тиесілі үлес болуы мүмкін. ENRC аталған хабарға қатысты түсініктеме беруден бас тартты. Glencore International AG – швейцариялық трейдингтік компания, әлемдегі шикізат тауарлары мен сирек металдардың ең ірі жеткізушісі. Eurasian Natural Resources Corporation PLC – (ENRC) пайдалы қазбаларды өндіру және байыту саласындағы тау-кен өндіру, өңдеуші, энергетикалық, көлік және маркетингтік кәсіпорындары бар диверсификацияланған компаниялар тобы болып табылады. Топ мырыш, марганец, темір кенін өндірумен және қайта өңдеумен, ферроқорытпа құюмен, алюминий тотығын алуға, алюминия өндірісі үшін боксит өндірумен және қайта өңдеумен, мыс пен кобальт өндірісімен, көмір өндірумен, электр қуатын өндірумен, ENRC өнімдерін тасымалдаумен және сатумен айналысады. Топтың өндірістік активтері негізінен Қазақстанда орналасқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін