Жаңа линия іске қосылған соң кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы 2,5 есеге артты, айына 2 млн шаршы метр гофрокартон шығарылатын болды, деді ол.
Жаңа линия Тайваннан сатып алынған, жобаның құны 211 млн теңгені құрады, оның 150 млн теңгесі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде алынған.
Бұл зауыт 2006 жылы құрылған. Компания өнімдерін қазақстандық өндірушілерге жеткізеді, болашақта Орталық Азия, оның ішінде Өзбекстан рыноктарына шығуды жоспарлауда.