Гоместің айтуынша, Канело Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасқаннан кейін қыркүйек айында қазақстандықпен жекпе-жек өткізбек. Бұл туралы олар Головкинның промоутері Том Леффлермен келіссөз жүргізген. Дегенмен, келіссөздің сәтті аяқталуына әлі де қаржылық жағдай тосқауыл болып тұр. Альварестің өкілдері Геннадийге 15 миллион доллар ұсынған. Бірақ, GGG өкілдері жекпе-жектен түскен қаржының 40% үлесін алғысы келеді.