Голландиялық бапкер Арно Пайперс «Тараз» футбол клубымен келісімшартқа отырды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Голландиялық бапкер Арно Пайперс «Тараз» футбол клубымен келісімшартқа отырды

Голландиялық бапкер Арно Пайперс «Тараз» футбол клубымен келісімшартқа отырды

Голландиялық бапкер Арно Пайперс «Тараз» футбол клубымен бір жарым жылға келісімшартқа отырды.

  • 10 Маусым 2013
  • 509
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Арно Пайперс 7 маусым күні өзінің ағасы Питермен бірге келісімшартты жасау бойынша соңғы келіссөздерді өткізу үшін Таразға келді. Сенбі, 8 маусым күні командамен таныстық өтті. Арно Пайперс клубтың менеджеріне, тренерлік штабқа, медициналық бригадаға және футболшыларға таныстырылды. Аталған тұлғалармен А.Пайперс жабық есік жағдайында ұзақ әңгімелесулер өткізді.

Тренермен танысқаннан кейін команда жаттығуға кірісті. Олар екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Одан кейін А.Пайперс оның футболшылардың әлеуеті туралы объективті пікірі тек 3-4 күннен кейін ғана қалыптасқанын айтты. Бапкер Тараз стадионындағы газонның жай-күйіне және командаға жұмыс үшін жасалған жағдайларға жақсы баға берді.

«Тараз» ФК президентінің міндетін атқарушы Ғабит Қазбеков Питер Пайперс өзінің үлкен ағасына ассистент болатынын мәлім етті. Сондай-ақ Арноның сұрауы бойынша штабта екі жергілікті тренер Нұрмат Мырзабаев пен Азамат Ниязымбетов жұмыс жасайтын болады. Қақпашылардың бапкері — қазақстандық Юрий Новиков.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера