Голливуд жұлдызы Қазақстан азаматтығын алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Голливуд жұлдызы Қазақстан азаматтығын алмақ

Голливуд жұлдызы Қазақстан азаматтығын алмақ

Кэри Тагава, Майкл Мэдсен, Бай Лин, Марк Дакаскас және Эрик Робертс ШҚО әкімінің шақыруымен Өскеменге келді.

  • 13 Ақпан 2018
  • 183
Фото - Caravan.kz

Өскеменге бір топ Голливуд жұздызы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кэри Тагава, Майкл Мэдсен, Бай Лин, Марк Дакаскас және Эрик Робертс ШҚО әкімінің шақыруымен Өскеменге келді. Олар продюсер Арман Асеновтың басшылығымен Шығыс Қазақстан туралы фильм түсірмекші. Әзірге фильмнің қай жанрда болатыны белгісіз. Бір анығы, ол туынды өңірді әлемге таныту үшін түсірілмек. Кэри Тагава бұл жобада бас продюсер қызметін атқарады. Даниал Ахметовтың қабылдауында аталмыш актер Шығыстың табиғатына тәнті болғанын айтты.

«Мен — жапондықпын, біздің қазақтармен байланысымыз көп. Сіздердің жандарыңызда болғым келеді, сондықтан Қазақстанның азаматы болу жоспарымда бар», — деді ол.


Голливуд жұлдыздары бұл жолғы сапарында еліміздің бірнеше ауданын аралап, өңірдің тыныс тіршілігімен және киелі орындармен танысады.

Соңғы жаңалықтар