Голливудтың әйгілі кино майталмандарын күзде Алматыдан көреміз! - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Голливудтың әйгілі кино майталмандарын  күзде Алматыдан көреміз!

Голливудтың әйгілі кино майталмандарын күзде Алматыдан көреміз!

Алдағы күзде Голливудтың әйгілі кино майталмандарын Алматыдан көреміз. Қыркүйектің басында оңтүстік астанада 7-ші Халықаралық “Еуразия” кинофестивалі өтеді.  Жеті  жыл ішінде Орта Азиядағы бірегей шараға айналған фестивальға қазірдің өзінде шетелден 20-ға жуық картина қатысуға ниет білдірген.

  • 15 Шiлде 2011
  • 570
Фото - Caravan.kz

Ал оларды іріктеу міндеті Оңтүстік Корея, Жапония және Ресейден шақырылған сыншыларға жүктелмек. Елімізден қазылар алқасына бір адам ғана мүше болады. Фестивальдің  әділ шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді дейді ұйымдастырушылар. Ұсынылған туындылардың көбі Азия, Еуропа және ТМД елдерінен. Ал “Еуразия” аясында қандай отандық фильм бақ сынайтыны әзірге белгісіз. Барлық картина осы айдың аяғына дейін толық қараудан өтіп, конкурсқа жіберілмек. Сондықтан ұйымдастырушылар фестивальдің жаңалығы биыл да көп болады деп жоспарлауда.


Ермек Аманшаев
, “Қазақфильм" киностудиясының директоры, ұйымдастыру комитетінің төрағасы:

—   Биыл біз “Еурразия” кинофестивалінің аясында «пичинг» — жаңа жобалардың таныстырылымын ұйымдастырмақшымыз. Шетелден ірі дистрибьютерлік компаниялар келу керек.

Соңғы жаңалықтар