Головкин - Альварес жекпе-жегінің толық видеосы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин - Альварес жекпе-жегінің толық видеосы шықты

Головкин - Альварес жекпе-жегінің толық видеосы шықты

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегінің толық видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

  • 17 Қыркүйек 2017
  • 823
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды. Осыған дейін Головкин мен Альварес ресми салмақ өлшеу рәсімінен өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша Головкиннің салмағы — 160 фунт. Мұндай көрсеткішті "Канело" да көрсетті.

Осылайша, екі боксшы да орта салмақтың ережесі бойынша белгіленген 160 фунтты (72,5 келі) көрсетті. Айта кетейік, Головкин — "Канело" жекпе-жегі Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтті. Бокс кеші Астана уақыты бойынша таңғы 06:00-ден бастап Qazaqstan және QazSport телеарналарынан тікелей эфирден көрсетілді. АҚШ-та бұл жекпе-жек (PPV) ақылы жүйе арқылы көрсетілді. Бір телевизордан көру құны 75 доллар болды.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера