Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
"Сенбілік жекпе-жек қызықсыз өтті, спарринг сияқты ғана болды. "Канело" жекпе-жекті тез аяқтағысы келмеді. Бұл көрерменге ұнамайды, себебі олар билет сатып алды. Не үшін? Шоу көреміз деп үміттенді. Барлығына да менің нокауттарым секілді драма ұнайды. Мен егерде біреуді жеңетінімді сезсем, мен оны істеймін", — деп жазады Головкиннің сөзін LATimes.
Еске салайық, 7 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болған кездесу 12 раудқа созылып, қазылар алқасының шешімімен 120-108 есебімен Альварес жеңімпаз деп танылды.
Сонымен қатар, Геннадий Головкин (37-0, 33 KO) және мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 KO) командалары боксшылардың жұдырықтасатын орны бойынша келісімге келді. Бұл жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында 16 қыркүйекте өтетін болды. Бұл күнгі бокс кешін Невада штатының Атлетикалық комиссиясы қадағалайтын болады. Бұл ақпаратты комиссия өкілдері де растап отыр.
Головкин — Альварес жекпе-жегіне қазақстандықтың барлық атағы тігіледі (WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулері). Боксшылар рингте тұрып көз арбасып та үлгерді.