«Бізде қатаң белгіленген дедлайн жоқ, бірақ егер Альварес Геннадиймен жұдырықтасудан бас тартатындығын айтса, біз басқа жағдайларды іздеуге мәжбүр боламыз. Альвареспен өтетін реванш — ең үлкен жекпе-жек, ол Геннадий үшін негізгі айқас. Жанкүйерлеріміз күтіп отырған жекпе-жекті ұйымдастыра аламыз ба, жоқ па — соны түсіну үшін Golden Boy Promotions-пен үзбей қарым-қатынас жасап келемін. Реванш негізгі мәселе болғанмен, Геннадийдің де спорттық мансабын тежей де алмаймыз. Головкин реванш өткізгісі келеді, өйткені бірінші жекпе-жекке ол қанағаттан жоқ. Альварес мамырға дейін ешкіммен жұдырықтаспайтынын айтты, бірақ реванш өткізгісі келе ме, жоқ па, біз соны түсініп алуымыз керек», — дейді Леффлер BoxingScene.com-ке берген сұхбатында.