Головкин: Бала кезде көшеде мықтылығыңды дәлелдеу керек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин: Бала кезде көшеде мықтылығыңды дәлелдеу керек болды

Головкин: Бала кезде көшеде мықтылығыңды дәлелдеу керек болды

WBA және IBO чемпионы Геннадий Головкин (31-0, 28 КО) британдық боксшы Мартин Мюррейге (29-1-1, 12 КО) қарсы жекпе-жек қарсаңында өз қарсыласын қиын оппонент ретiнде санайтындығын айтты.

  • 22 Ақпан 2015
  • 332
Фото - Caravan.kz


Бiрақ бұған өзi өсiп-өскен қалада бала кезден үйренiсiп кеткенiн де жасырмады.

Еске салайық, Головкин мен Мюррей жекпе-жегi 21 ақпанда Монте-Карлода өтпек. Бiрер күндер бұрын олар ресми салмақ өлшеу рәсiмiнен өттi.

«Қарағанды — өте қауiптi қала. Мен өз достарыммен стадионға барып, онда төбелесетiнмiн. Егер қаланың өзге ауданында жүрсең, тағы да төбелес болатын. 16-17 жыл бұрын мен өскен қалада өте қауiптi едi. Көшеде ең мықты екенiңдi дәлелдеу керек болатын. Бұл менiң балалық шағым едi, жасым небәрi 12-13-14-те. Бұл менiң қалыпты өмiрiм болатын. Бұл соншалықты керемет деп айта алмаймын. Қиындау болатын, өте қауiптi», — деп атап өттi боксшы BoxingScene сайтына берген жауабында.