Головкин Фрочты "кезекті сайқымазақсың» деп әжуалады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин Фрочты  "кезекті сайқымазақсың» деп әжуалады

Головкин Фрочты "кезекті сайқымазақсың» деп әжуалады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өз твиттерінде британиялық Карл Фроч пен промоутерлерге пікірін жазды.

  • 17 Қараша 2016
  • 1114
Фото - Caravan.kz

«Бұл жолы сіздерге, расымен де, мен жазып отырмын, достар. Эдди Хирн және Том Леффлер мырзалар, сәлем. Фрочке қарсы жекпе-жекке қатысты ешқандай ілгерілеу болмағандықтан, бір-бірлеріңіздің сөздеріңізді қайталай беруді доғарыңыздар. Сәлем, Карл! Кімнің сенімге лайық, кімнің лайық емес екенін өзің пайымда. Сен — көп сөйлеп, бірақ ештеңе істемейтін кезекті сайқымазақсың», — деп жазды Головкин.

Естеріңізге сала кетсек, бұл боксшылардың промоутерлері Эдди Хирн мен Том Леффлер жекпе-жекке қатысты келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған еді. Ал британиялық боксшы соңғы сұхбатында Головкинді оңай жеңіп кететінін, сондықтан кездесудің болмайтынын айтты.