Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) pound-for-pound (P4P салмақ дәрежесіне қарамай берілетін) чемпиондық белбеуге ие болды., — деп хабарлайды Vesti.kz.
Жаңа чемпиондық белбеуін Instagram парақшасына жариялады. Айта кетейік, Головкин The Ring журналының P4P рейтингінде көш бастаған болатын. Бұған дейін The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер Головкинге бұл белбеуді 6 маусым күні Hollywood Fight Night бокс кешінде берілетінін айтты. Бұл бокс кешін Том Леффлер басқаратын 360 Promotions компаниясы ұйымдастырады.
6 маусымда Головкин орта салмақтағы чемпиондық белбеулерінің бірінен айырылған еді. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшыдан өз белбеуін алып қою туралы шешім шығарды. Оның себебі, Головкиннің украиналық Сергей Деревянченкомен 3 тамыз күніне жекпе-жек өткізу үшін қағаз жүзінде келісім бермеуі себеп болған. Осылайша орта салмақтағы IBF белбеуі бос қалып отыр. Жуық арада федерация бұл белбеуге таласатын екі боксшыны анықтап, келіссөз ұйымдастырады. Одан бөлек, Головкинге айыппұл да салды. Өйткені, ол федерацияның шарттарын орындаған жоқ. Дегенмен де қазақстандық боксшы WBA (Super), WBC және IBO белбеулерінің чемпионы болып қала береді. Негізі Головкин IBF міндетін 5 мамыр күні Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтетін екінші кездесудің алдында орындауға жоспарлаған еді. Бірақ бұл кездесу мексикалық боксшының допинг дауына байланысты өтпей қалды. Головкин мен Альварестің командалары екінші кездесуді қыркүйек айында өткізуді жоспарлаған еді. Бірақ келіссөздер тоқталып қалған болатын. Өйткені, қазақстандық боксшы бұл кездесудегі табысын 35 пайыздан 50 пайызға дейін көтеруді талап етті. Дегенмен мексикалық боксшының командасы бұл ұсыныстап бас тартып, "пойыз кетіп" қалды деген болатын. Бірақ Головкин белбуінен айырылғаннан кейін өз талаптарынан бас тартып, "Канеломен" келіссөзді қайта бастауға дайын.