Головкин Канеломен болатын реванштан 40 миллион доллар пайда табуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин Канеломен болатын реванштан 40 миллион доллар пайда табуы мүмкін

Головкин Канеломен болатын реванштан 40 миллион доллар пайда табуы мүмкін

13 маусымда Ла Хойя жекпе-жек 15 қыркүйекте болатынын жариялады.

  • 14 Маусым 2018
  • 36
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) Сауль "Канело" Альвареспен өткізетін реваншынан қанша табатыны белгілі болды, деп хабарлайды Today.kz Espn.com сайтына сілтеме жасап. 

"Головкин мен Альварес өткен жылдың қыркүйегінде T-Mobile аренасында кездесті, реванш болатын сол аренада олар таласты шешіммен жекпе-жекті аяқтады, әсіресе, Головкин. Сол жекпе-жек көрілім үшін 1,3 миллион ақылы сатылым мен 27 миллион АҚШ долларын билет сатып жинады – көлемі жөнінен бокс тарихындағы үшінші жекпе-жек. Көп адам реванш екі саннан да асып түсіп, Головкин 40 миллион доллардан астам пайда табады деп есептейді", – деп хабарлады Espn.com.

Естеріңізге салайық, әлемдік бокс жұлдызы Геннадий Головкин IBF шешімімен әлем чемпионы атағынан айырылды. 

Альварестің атынан сөйлейтін Оскар де Ла Хойя 2018 жылдың мамырында реванш болуы мүмкін емес екенін айтқан еді. Бірақ одан бұрын WBC басшысы Маурисио Сүлейман жекпе-жек қыркүйекте өтуі мүмкін екенін мәлімдеді. 13 маусымда Ла Хойя жекпе-жек 15 қыркүйекте болатынын жариялады. 

Оқи отырыңыз:

Екі аяқты балықтарға барып жүр екенсіз: Әйелі Қайрат Нұртасқа ренішін айтты

Алматыда отадан кейін көз жұмған балаға қатысты сұмдықтың беті ашылды 

Мәскеуде қазақ тіліне арналған дөңгелек үстел өтті