Головкин келесі жылы 4 жекпе-жек өткізуге ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин келесі жылы 4 жекпе-жек өткізуге ниетті

Головкин келесі жылы 4 жекпе-жек өткізуге ниетті

Келесі жылы WBA және IBO чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 4 жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі боксшының «Геннадий GGG Головкин» парақшасында хабарланды.

  • 19 Мамыр 2014
  • 406
Фото - Caravan.kz

«Биыл мен енді екі кездесу өткіземін. Бірақ келесі жылы мен 4 жекпе-жекке шығамын деп отырмын», — деді ол.

Оның айтуынша, биыл үшінші жұдырықтасуы үлкен оқиға болатынына сенімді. Айта кетейік, Г.Головкин келесі кездесуді 26 шілдеде 20 мың орындық Madison Square Garden стадионында өтеді деп жоспарлануда. Оның промоутері Том Леффлер австралиялық боксшы Дэниэль Гилмен келіссөздер жүргізуде. Үшінші жекпе-жек қазанда немесе қарашада өтуі ықтимал.

7 маусымда өтетін Мартинес-Котто арасындағы кездесудің жеңімпазы Головкинге қарсылас атануы мүмкін. Оны қазақ боксшысының өзі растап отыр. «Бұл өте қызық кездесу болмақ», — дейді Головкин Мартинес-Котто жекпе-жегі туралы. «Котто техникалық тұрғыда өте сауатты және сол қолы өте мықты. Серхио үлкен және күштірек. Меніңше Мигель Серхио үшін аздап кішкентайлау, бірақ кездесу көрсетеді. Әрине мен осы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуге құлықтымын», — деп атап өтті ол журналистерге берген сұхбатында.

Промоутер Леффлердің айтуынша, Головкиннің қарсыластары ретінде Карл Фроч — Джордж Гровс жекпе-жегінің жеңімпазын қарастыруға болады.  Сонымен қатар өзінің спорттық мансабын жақында ғана тәмамдағандығын хабарлаған супер орта салмақтағы бес дүркін чемпион Миккель Кесслерді де тасада тыс қалдыруға болмайды.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера