Головкин мен Альварес жекпе-жегі - WBC ұйымының 2016 жылғы басты мақсаты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин мен Альварес жекпе-жегі - WBC ұйымының 2016 жылғы басты мақсаты

Головкин мен Альварес жекпе-жегі - WBC ұйымының 2016 жылғы басты мақсаты

Дүниежүзілік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман өткен жылға жоғары  баға беріп, келесі, 2016 жылғы ұйымның басты мақсатын белгіледі. 

  • 31 Желтоқсан 2015
  • 633
Фото - Caravan.kz


Ол — орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес пен «уақытша» титул иегері Геннадий Головкиннің жекпе-жегі.

 «Бұл Мэйуэзер — Пакьяо және Альварес — Котто сияқты боксшылардың  жекпе-жегі өткен ерекше тарихи жыл болды, — деген Сулейманның сөзін келтірді Boxingscene. — 2016 жылы  да үздік боксшылардың айқасын ұйымдастыруға күш салатын боламыз. Оның ішінде көпшілік тағатсыздана күтіп отырған Альварес пен Головкиннің жұдырықтасуы.  Олар қыркүйекте АҚШ-та жекпе-жекке шығады деген үміттеміз. Алда олардың екеуін де ерікті қорғаныс күтіп тұр, одан кейін олар бір-бірлерімен кездесулері тиіс».