Бұл туралы Sports.kz-ке сүйеніп, ҚазАқпарат хабарлады.
Boxingscene.com сайтында Golden Boy Promotions президенті Эрик Гоместің: «Жекпе-жектің дәл қай күні өтетіні әлі толық шешілген жоқ. Келіссөздер жүріп жатыр. Біз реваншты жоспардағыдан ертерек, мәселен, наурызда өткізу жайлы әңгімелестік. Бірақ мамыр — PPV-сатылымдар үшін өте қолайлы ай», — деген сөзі жарияланды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Головкиннің промоутері Том Леффлер «Канелоға» қарсы қарымта кездесу өткізуге ең қолайлы күн 2018 жылдың 5 мамыры екенін айтқан болатын.