Головкин мен Альварестің жұдырықтасатын күні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин мен Альварестің жұдырықтасатын күні белгілі болды

Головкин мен Альварестің жұдырықтасатын күні белгілі болды

Бокстан америкалық экс-чемпион Шейн Мозли «twitter» желісіндегі жеке парақшасында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің өтетін уақытын жариялады. Бұл туралы vesti.kz сайтына сілтемемен massaget.kz хабарлап отыр.

  • 12 Мамыр 2016
  • 565
Фото - Caravan.kz

Танымал боксшының жазуы бойынша, жекпе-жек 17 қыркүйекке жоспарланыпты. Ол бұл ақпараттың шындыққа жанасатынын, сондай-ақ оны өзі алғаш болып хабарлап отырғаны туралы да жазды.

— «Канело» және GGG — 17 қыркүйек! Меніңше, қыркүйек айында бұл жекпе-жекке тең келер кездесу өте қоймас. Жыл жекпе-жегі болады. «Golden Boy Promotions» атқарған керемет жұмыс!

— Сіздер «Канело» мен GGG келісімге келгенін әлі естімеген боларсыз? Келіссөздер аяқталды. Сіз мұны бірінші болып оқып отырсыз. Менің жекпе-жегім 28 мамыр күні өтеді. Ал «Канело» мен GGG — 17 қыркүйекте, — деп жазды Шон Мозли.

Айта кетейік, 7 мамыр күні Сауль Альварес Лас-Вегаста Амир Ханға қарсы жекпе-жек өткізіп, WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атағын қорғап қалған болатын. Енді WBC ережесіне сәйкес мексикалық қазақстандық боксшымен кездесуі тиіс. Қос боксшы промоутерлерінің келіссөздер жүргізуіне жарты айға жуық уақыт бар.