Головкин мен Монро жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин мен Монро жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Головкин мен Монро жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Кеше Геннадий Головкин мен кіші Вилли Монро арасында 16 мамыр күнг Калифорнияда болатын жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды BoxingScene.com.

  • 12 Мамыр 2015
  • 450
Фото - Caravan.kz

Геннадий Головкиннің таразыдағы салмағы 165 фунтты (74,8 келі) көрсетті.

Монро алдын ала екі өлшенуден бас тартқан болатын, егер ол Головкинді жеңген жағдайда Коттоға қарсы өткізілетін жекпе-жекке міндетті үміткер болмайды, ал WBC Уақытша чемпионының атағы бос болып қала береді.

Осыған қарамастан, Бүкіләлемдік бокс кеңесі барлық медициналық және сақтандыру шығындарын жабады, өйткені американдық боксшы ұйымның титулдық жекпе-жегіне қатысады.

Естеріңізге салсақ, Головкин мен Монро арасындағы жекпе-жек 16 мамыр күні Лос-Анджелес қаласындағы жаңартылған «Форум» аренасында өтеді. Ол Астана уақыты бойынша 18 мамыр күні шамамен сағат 8-де басталады, деп хабарлайды sports.kz.