Головкин мен Уорд арасындағы жекпе-жек келесі жылы ұйымдастырылуы мүмкін - Джеймс Принц - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин мен Уорд арасындағы жекпе-жек келесі жылы ұйымдастырылуы мүмкін - Джеймс Принц

Головкин мен Уорд арасындағы жекпе-жек келесі жылы ұйымдастырылуы мүмкін - Джеймс Принц

 Андре Уордтың менеджері болып табылатын Джеймс Принц америкалық боксшы мен Қазақстан спортшысы Геннадий Головкиннің арасындағы жекпе-жек келесі жылы ұйымдастырылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Аllboxing.ru.

  • 6 Ақпан 2015
  • 294
Фото - Caravan.kz

«Біз осыны қалаймыз. Бүгін мен Геннадийдің промоутері Том Леффлермен сөйлестім. Басты сұрағым — «қашан?» болды. Біз жекпе-жек келесі жылы ұйымдастырылуы мүмкін деп ойлаймыз. Салмақ дәрежесін талқылаған жоқпыз. Головкин көтерілуге қарсы емес деп ойлаймын. Оның барлығы уақыттың еншісінде. Жекпе-жек өтеді. Оны күтудеміз», — деген  Принцтің сөздерін келтіреді The Sweet Science.

Қаңтар айының басында Андре Уорд Roc Nation промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойды. Басылымның жазуынша, оған қол қойғаны үшін Уорд Roc Nation-нан 2-3 миллион доллар көлеміндегі бонусты алған. Бұл ретте Уордтың жекпе-жектер үшін кепілдендірілген гонорары жетісандық соманы құрайды.