Головкин Мюррейді 8-ші раундқа дейiн-ақ сұлатады - Роман Жайлауов - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин Мюррейді 8-ші раундқа дейiн-ақ сұлатады - Роман Жайлауов

Головкин Мюррейді 8-ші раундқа дейiн-ақ сұлатады - Роман Жайлауов

Кәсiпқой бокста жеңiлiп көрмеген жас қазақстандық боксшы Роман Жайлауов boxingnews.kz порталында жақында болатын Головкин-Мюррей жекпе-жегi турасындағы ойларымен бөлiстi.

  • 21 Қаңтар 2015
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Мен Мюррейдiң тек бiр жекпе-жегiн көрдiм. Онда ол Мартинестен жеңiлдi. Менiңше, оның Головкинмен болатын кездесуi қызық өтедi, бiрақ оның жеңiске еш үмiтi жоқ. Гена британдықты 8-ші раундқа дейiн-ақ сұлатады», — дейдi Р.Жайлауов.

Еске сала кетейiк, Роман 13 кездесу өткiзiп, 13-iнде (8 нокаут) жеңiске жеткен. Соңғы кездесуiн 13 желтоқсанда Артем Комарға қарсы өткiздi және қазылар алқасы бiрауыздан қазақ боксшысына жеңiс бердi. Келесi жекпе-жек ақпан айында өтедi.

Ал Головкин-Мюррей кездесуi 21 ақпанда Монакода өтетiнiн еске саламыз. Букмекерлер мен көптеген бокс мамандарының пiкiрiнше, Головкин бұл жекпе-жекте айқын фаворит болып табылады.