32 жастағы Головкин мен оның құрдасы Мюррей 21 ақпанда Монакода Salle des Étoiles аренасында кездеседі. Жекпе-жекті НВО телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Bleacher Report-тың болжамы бойынша, қазақстандық боксшы қарсыласын бесінші раундта нокаутқа жібереді.
Айта кетер жайт, алдағы айқас екі спортшының да кәсіби рингтегі 32-інші кездесуі болмақ, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған дейін Головкин: "Мюррей — қатал әрі қауіпті қарсылас. Бұл әзілім емес. Алдағы айқас екеуміз үшін де оңайға соқпасы анық. Мюррей таяуда Серхио Мартинес, Феликс Штурмамен екі қатал жекпе-жектен өтті. Мұндай мықты қарсыласпен айқасқа шығу маған нағыз сынақ болары сөзсіз", — деген болатын.