WBA және WBC нұсқасы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Менни Пакиао мен кіші Флойд Мейуэзермен бір санатта көріну үшін салмақ тастай алатынын мәлімдеді.
Қазақстандық боксшыдан олардың бірімен айқасқа шығу үшін жартылай орта салмаққа түсуге әзір ме екендігін сұрады.
«Бұл қиын емес, — деген Головкиннің сөзін келтіреді Sky Sports. — Бұл үшін көп салмақ жоғалту талап етілмейді, себебі маған өз салмағымды бақылау қиынға соқпайды. Соншалықты ірі тұлғалы емеспін».