Головкин-Альварес жекпе-жегінің билеттерінің бағасы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин-Альварес жекпе-жегінің билеттерінің бағасы белгілі болды

Головкин-Альварес жекпе-жегінің билеттерінің бағасы белгілі болды

Биыл қыркүйек айында Лас-Вегаста өтетін Головкин-Альварес жекпе-жегінің билеттері қаншадан сатылатыны анықталды. Hoylosangeles.com порталының жазуынша, аталған бокс кешінің ең қымбат билеттері 1500 долларға дейін шарықтайды.

  • 8 Маусым 2017
  • 459
Фото - Caravan.kz


Ең қымбат билетті сатып алғандар рингтің жанындағы қатардан орын алады. Ал, аренаның ең жоғарғы қабаттарында отырамын деушілер үшін 100-200 долларға шығындалуға тура келеді. Билеттер алдағы екі аптадан кейін сатылымға түседі деп күтілуде.

Айта кетейік, көптен күткен жылдың бокс кеші 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Бұл жекпе-жекте Геннадий Головкиннің WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық белбеулері сарапқа салынбақ. Головкин жеңген жағдайда өз белбеулерін қорғаумен қатар мексикалық боксшыға тиесілі The Ring журналының белбеуін де иемденеді.