“Мен осы айқастан түскен гонорар 50 де 50 болуы тиіс деп ойлаймын. Неге олай болмасқа? Головкин – чемпион болса, Джейкобс та чемпион. GGG титулдар саны -Дэниэльдің табысын 25% деп белгілеуге себеп емес. Әрине, ол құрметке лайық адам. Бұл Головкиннің оны сыйламағандығы. Дэниэль тек қана қомақты ақша алу үшін шығып, жеңімпаз атанып жүрген жоқ қой”, – деген ренішін жасырмады Ривас.
Бұрынырақ Джейкобс командасы WBA-ға апелляция берді және американдықтың пайызын 25%-дан 40%-ға көтеруді талап етті, бірақ ұйым өз шешімін күшінде қалдырды. Содан соң, тараптар мәміленің қаржылық өлшемдерін реттей алмағандықтан, келіссөздер тығырыққа тірелді.