"Головкинді ығыстырды": Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте көш бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Головкинді ығыстырды": Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте көш бастады

"Головкинді ығыстырды": Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте көш бастады

Американың әйгілі The Ring журналы орта салмақтағы рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.

  • 20 Қазан 2023
  • 39
Фото - Caravan.kz

Алдыңғы басылыммен салыстырғанда біршама өзгерістер бар: рейтингінің бұрынғы көшбасшысы Геннадий Головкин тізімнен шығарылып, оның орнын бұған дейін екінші орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы басты. Мейірім Нұрсұлтанов 7-орыннан алтыға көтерілді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Екінші орында Доминикан Республикасынан Карлос Адамес, үшінші – кубалық Эрисланди Лара.

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы ең үздік 10 спортшының орналасу реті келесідей:

  1. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан),
  2. Карлос Адамес (Доминикан Республикасы),
  3. Эрисланди Лара (Куба),
  4. Сергей Деревянченко (Украина),
  5. Крис Юбэнк-младший (Ұлыбритания),
  6. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан),
  7. Элайджа Гарсия (АҚШ),
  8. Феликс Кэш (Ұлыбритания),
  9. Лиам Смит (Ұлыбритания),
  10. Хамза Шираз (Ұлыбритания).
Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера