Головкин-Канело жекпе-жегі 2017 жылы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин-Канело жекпе-жегі 2017 жылы өтеді

Головкин-Канело жекпе-жегі 2017 жылы өтеді

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Канелоның промоутері Оскар де ла Хойя өз клиенті мен Геннадий Головкин арасындағы болуы бек мүмкін жекпе-жек жайлы өз пікірін білдірді, деп жазды Sports.kz Boxingnewsonline.net сілтеме жасап.

  • 16 Қыркүйек 2016
  • 489
Фото - Caravan.kz

— Халықтың Головкин — Канело айқасын өткізуді сұрап жүргеніне бір жылдан асты. Олар Пакьяо — Мэйвезер жекпе-жегін сегіз жыл күткен. Канело мен Головкиннің кездесуі келесі жылға жоспарланған. Біз дайын болған күні кездесуді өткізу күнін белгілейміз. Канело 154 фунтта жұдырықтасып жүр, ал Головкин — 160. Канело 160 фунтта айқасуға дайын болған кезде, біз кездесуді ұйымдастырамыз, — деді де ла Хойя.

Головкин мен Канело биылғы қыркүйек айында рингте кездеседі деп күтілген еді, алайда мамыр айында мексикандық боксшы WBC белбеуінен бас тартты, сол себепті олардың жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйек айына қалдырылды.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера