Головкиннің 2015 жылғы жекпе-жектері қай кездері өтетіні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкиннің 2015 жылғы жекпе-жектері қай кездері өтетіні белгілі болды

Головкиннің 2015 жылғы жекпе-жектері қай кездері өтетіні белгілі болды

 Орта салмақта WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, WBC аталымының уақытша чемпионы белбеуінің иегері отандасымыз Геннадий Головкиннің 2015 жылғы бірінші кездесуі 21 ақпанда Монакода өтетін болды, деп жазады массагет.кз.

  • 20 Қараша 2014
  • 462
Фото - Caravan.kz

Қарсыласы — Мартин Мюррей. Бокссүйер қауым британдық боксшыны Гена үшін аса мықты қарсылас санамайды. Оның мексикалық Марк Антонио Рубионың күйін кешіп жатса таңданбайтыны анық. Ал отандасымыздың промоутері Том Леффлер болса, британдық боксшыны орта салмақтағы әлемнің мықтыларының қатарына қосып отыр.

Сондай-ақ, сол жылы өтетін екінші жекпе-жегінің де уақыты анықталды. Бұл туралы боксшының менеджері Олег Герман хабарлады.

— Біз 2015 жылы мүмкін болса Мигель Котто, Сауль Альварес және Хулио Сесар Чавестің (кішісі) бірімен кездесу өткізуді ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Егер мамыр айында Котто мен Канело арасында жекпе-жек өтер болса, күзде осы жұптың жеңімпазымен Генаның шығуына мүмкіндік бар. Ал 2015 жылғы екінші жекпе-жек «НВО» кестесіне сәйкес 16 мамыр күні өтеді. GGG қарсыласы ретінде Матвей Коробов пен Энди Ли арасындағы WBO чемпиондық атағы үшін өтетін кездесудің жеңімпазын таңдап отырмыз, — деді.

Олег Герман сөзіне сүйенер болсақ, Геннадий Головкиннің 2015 жылғы екінші жекпе-жегінің уақыты белгіленгенмен, нақты қарсыласы анық емес. Келісімге келмей жатса, Матвей Коробов пен Энди Ли кездесуінің жеңімпазы қарсылас атанбай қалуы да мүмкін.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера