Головкиннің чемпиондық титулына міндетті үміткер анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкиннің чемпиондық титулына міндетті үміткер анықталды

Головкиннің чемпиондық титулына міндетті үміткер анықталды

Орта салмақтағы Жермалл Чарло (25-0, 19 КО) және Хорхе Себастьян Хейланд (29-4-2, 16 КО) WBC нұсқасы бойынша қазақстандық Геннадий Головкин иеленген чемпиондық атақтың міндетті үміткері мәртебесіне таласты. Айқас Ж.Чарлоның жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.

  • 30 Шiлде 2017
  • 537
Фото - Caravan.kz

Екінші кезеңде Хейланд тепе-теңдікті сақтай алмай, құлап бара жатып Чарлоның соққысына тап болды. Алайда, аргентиналық боксшының сәтсіздігіне құлап бара жатып сол жақ аяғын жарақаттап алғандығы себеп болды. Ал, қарсыласы үшін бұл оңай олжа болды. Төреші мен дәрігер белгісіз себептермен Хейландтың үшінші, одан кейін төртінші раундқа шығуына рұқсат берді.

Нәтижесінде, Хейланд Чарлоның үздіксіз шабуылынан тағы да құлады. Бұл жолы төреші жекпе-жекті тоқтатты.  


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера