Жекпе-жекті қазақстандықтар тікелей эфирде көре алады. 9 сәуірде қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында жергілікті Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кәсіпқой рингтегі 44-ші кездесуін өткізеді.
Бұл жекпе-жекте Головкинның IBF, IBO және Муратаның WBA Super чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.
"Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарында трансляция Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады. Онлайн qazaqstantv және qazsporttv.kz сайты мен Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы көрсетіледі.
Бұған дейін IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 KO) бұл жекпе-жекте кепілдендірілген гонорары 12,3 миллион доллар екені айтылды.
Сома жекпе-жек нәтижесіне қарамастан, қазақстандық боксшыға төленеді. Ал оның қарсыласы – жергілікті боксшы, WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы Риота Мурата (16-2, 13 KO) 4,1 миллион доллар алады.