Головкиннің қатысуымен өтетін бокс кешіне тағы бір жекпе-жек қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкиннің қатысуымен өтетін бокс кешіне тағы бір жекпе-жек қосылды

Головкиннің қатысуымен өтетін бокс кешіне тағы бір жекпе-жек қосылды

[wpcode id="1694287"] 18 наурызда Нью-Йорктегі Madisson Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің андеркардында тағы бір жекпе-жек қ

  • 25 Қаңтар 2017
  • 502
Фото - Caravan.kz


18 наурызда Нью-Йорктегі Madisson Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің андеркардында тағы бір жекпе-жек қосылды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бокс кешінің аясында WBC тұжырымы бойынша жеңіл салмақта жұдырықтасатын мексикалық Карлос Куадрас (35-1-1, 27 КО) отандасы Давид Кармонмен (20-3-5, 8 КО) кездеседі. Мексикалық қос боксшы екінші жеңіл салмақта жұдырықтасады.

Айта кетейік, осыған дейін 18 наурызда өтетін бокс кешінде 29 жастағы никарагуалық Роман Гонсалес (46-0, 38 КО) пен украиналық Александр Усиктің (11-0, 10 КО) және Олимпиада чемпионы, ирландиялық 30 жастағы Кэти Тэйлордың (2-0, 1 КО) кездесу өткізетіні айтылған болатын.

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.

 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера