Головкиннің жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкиннің жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Лос-Анджелесте WBA тұжырымы бойыншы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның промоутері Том Леффлердің қатысумен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды kazsporttv.kz. Баспасөз мәслихатында Головкиннің келесі жекпе-жегі 26 шілдеде Нью-Йорк қаласының Madison Square Garden (MSG) аренасында өтетіні белгілі болды. Жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді. Том Леффлердің айтуы бойынша, әлемнің экс-чемпионы Дэниэл Гилдің өкілі Гэри Шоумен келіссөздер жүріп жатыр. Естеріңізде болса, Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Головкинді австралиялық Джарод Флетчермен жекпе-жекке шығуға міндеттеген еді. Бұл шешімге Головкиннің командасы риза еместігін білдіріп, қауымдастық басшылығына Дэниэл Гилмен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік беру жөнінде өтініш жолдады. Том Леффлер 26 шілдеге жоспарланған жекпе-жектің өтетініне сенетінін айтты. Головкин мен Гил арасындаға келіссөздер сәтті аяқталса, жекпе-жек MSG-нің 20 мың адамға арналған аренасында өтеді. Қазақстандық боксшының алдыңғы кездесулері Madison Square Garden-нің 5600 көрермен сыятын театрында өткен болатын. Айта кетер жайт, Головкин екінші орта салмаққа ауысуға және осы салмақтағы боксшылармен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді. Боксшының командасы да бұл бастамаға қарсы емес. Геннадий Головкин 31 мамыр күні, WBA мен IBF біріктірілген Карл Фроч пен Джордж Гроувс жекпе-жегінің жеңімпазымен және осы дивизонның мықты боксшысы саналатын Андре Уордпен де жекпе-жекке шығуға әзір екенін айтуда.

  • 21 Мамыр 2014
  • 388
Фото - Caravan.kz

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера