WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы мекикалық Марко Антонио Рубиомен болатын жекпе-жегіне билеттер рекордтық жылдамдықпен сатылып кетіп жатыр. Бұл туралы Геннадийдің промоутері Том Леффлер мәлім етті, деп хабарлайды boxingscene.com.
Том Леффлердің айтуынша, билеттердің сатылым жылдамдығы бокс өтетін аренаның рекордын жаңартқан.
«Біз бұл кездесуге өте көп билет сатып үлгердік. Бұл жекпе-жек, аренаның сатылым жылдамдығы бойынша барлық рекордын басып озды», — деді өз сөзінде Леффлер.
Естеріңізге сала кетейік, бокс кеші биыл 18 қазан күні Карсон қаласының (АҚШ, Калифорния штаты, Лос-Анджелес округы) StubHub Center аренасында өтеді. Аренаның сыйымдылығы — 30 510 адам.