Голубев пен Кукушкин ATP рейтингіндегі көрсеткішін жақсартты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Голубев пен Кукушкин ATP рейтингіндегі көрсеткішін жақсартты

Голубев пен Кукушкин ATP рейтингіндегі көрсеткішін жақсартты

Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Михаил Кукушкин кәсіби теннисшілер қауымдастығының жаңартылған рейтингінде көрсеткіштерін жақсартты, деп хабарлады Vesti.kz.

  • 26 Мамыр 2014
  • 367
Фото - Caravan.kz

Көш басында бұрынғыдай испандық теннисші Рафаэль Надаль тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Андрей Голубев 55-орыннан 53-ке, ал  Михаил Кукушкин —  56-орыннан 54-орынға көтерілді. Александр Недовесов 2 сатыға түсіп, ТОП-100 қатарынан шығып қалды. Енді ол әлемнің 101-ші ракеткасы.  Ал Евгений Королев 59 орынға түсіп, 622 орынға орналасты.

Испандық Рафаэль Надальдан кейінгі орында сербиялық Новак  Джокович пен швейцарлық Стан Вавринка.


Еске сала кетейік, Францияның теннистен алғашқы ашық "Ролан Гаррос" чемпионатында   Андрей Голубев британдық Энди Марреймен ойнаса, Михаил Кукушкин француз Николя Маюмен кездеседі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера