Гондурас түрмесіндегі өрттен 270-тен астам адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.81
  • 596.27
+37 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гондурас түрмесіндегі өрттен 270-тен астам адам қайтыс болды

Гондурас түрмесіндегі өрттен 270-тен астам адам қайтыс болды

- Гондурас орталығындағы Комаянгуа департаментіндегі түрмеде болған өрт, соңғы деректерге сәйкес, 272 адамның өмірін қиды, деп жергілікті билік мәлімдеді.

  • 16 Ақпан 2012
  • 706
Фото - Caravan.kz

“Бұл алдын ала мәлімет, құрбандар саны бұдан көп болуы мүмкін”, — дейді Комаянгуа департаментінің криминалистік қызмет басшысы Люси Мардер.

Өрт салдарынан зардап шеккен 30 шақты тұтқын “Санта Тереса” ауруханасына жеткізілген. Қалған жарақат алушылар Гондурас астанасы Тегусигальпудегі “Эскуэла” ауруханасына жатқызылды.
Өрт қызметінің өкілі Хосе Гарсияның айтуынша, өрт түрме секторларының бірінде кешке шыққан. Ол кезде түрмеде 500-ге жуық тұтқын болған.