Гонконг кәсіпкерлері шымкенттік бизнесмендермен іскерлік байланыстар орната бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гонконг кәсіпкерлері шымкенттік бизнесмендермен іскерлік байланыстар орната бастады

Гонконг кәсіпкерлері шымкенттік бизнесмендермен іскерлік байланыстар орната бастады

Гонконг кәсіпкерлері сауда-саттық және тауар өндірісімен шұғылданушы қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық орнатуға пейіл білдіріп отыр. Осы мақсатпен жуырда Қытайдың бір ірі құрылыс компаниясының президенті Денис Чен бастаған Оңтүстік-шығыс Азиялық кәсіпкерлік сала өкілдері Шымкентке келді.

  • 2 Наурыз 2004
  • 505
Фото - Caravan.kz

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Тахир Узденовтың KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, кәсіпкерлер байпақ өнімдерін шығаратын «Эластик» АҚ, тігін өнімдерін өндіруші «Восход» АҚ, тоқыма бұйымдар өндіретін «Адал» ЖШС, «Шымкент сырасы» АҚ, «Шымкентмай» АҚ, кейбір құрылыс компаниялары тәрізді бірқатар кәсіпорындарды аралады.

Кездесулер барысында кәсіпкерлер өзара тәжірибе алмасып, инвестиция салу мүмкіндіктерін қарастыру үшін қаладағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
Сапардың нақты қорытындысы кейін белгілі болмақ.

Соңғы жаңалықтар