Гонконг компаниялары Қазақстан экономикасының әр түрлі саласын инвестициялау мүмкіндіктеріне қызығушылық танытуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гонконг компаниялары Қазақстан экономикасының әр түрлі саласын инвестициялау мүмкіндіктеріне қызығушылық танытуда

Гонконг компаниялары Қазақстан экономикасының әр түрлі саласын инвестициялау мүмкіндіктеріне қызығушылық танытуда

Астана. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Доминик Лоу бастаған гонконгтік инвестициялық "Ориентал Пэтрон Файнэншл Групп" компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 25 Қазан 2008
  • 533
Фото - Caravan.kz

Кездесуге қатысушылар қалыптасып отырған әлемдік экономикалық жағдай туралы пікір алмасты және қаржы-экономикалық саладағы екі жақты ынтымақтастықты дамытудың келешегін талқылады.

Д. Лоу сапардың мақсаты еліміздің инвестициялық әлеуеті мен Қазақстан экономикасының әр түрлі саласын инвестициялау мүмкіндіктеріне қызығушылық таныту болып табылатынын атап өтті.

К. Мәсімов компанияның инвестициялық жоспарын мақұлдады және келешектегі өзара тиімді ынтымақтастыққа мүделілік танытты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар