Гонконг Қытайдан бөлінбек: Көшеге 2 млн халық шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гонконг Қытайдан бөлінбек: Көшеге 2 млн халық шықты

Гонконг Қытайдан бөлінбек: Көшеге 2 млн халық шықты

Қытайдағы адам құқығын талап ету.

  • 18 Маусым 2019
  • 84
Фото - Caravan.kz

Қытайдағы адам құқығы мәселесі жыл өткен сайын күрделеніп, қиындап келеді. Әсіресе аз ұлттарға жасалған қысым мен оларды тұтқындау, арнайы лагерьлерге тоғыту тоқтар емес. Ал Қытай билігін сынаған тәуелсіз саясаткерлер мен тұлғаларды ұзақ уақытқа түрмеге жабу күн сайын орын алуда. 

Көптеген мемлекеттер Қытайдың әділетсіз сот жүйесіне байланысты Қытайда қылмыскер деп танылған азаматтарды Бейжіңге бермеуге тырысады. Енді міне Қытайдің өз ішінде аталмыш мәселе өткір көтеріліп отыр. Гонконг аймағында Қытайға сотталғандар мен кінәлі деп табылған күдіктілерді бермеуге қатысты халық наразылығы тоқтар емес. Олар Қытайдың талабын орындасақ, ішкі саяси және экономикалық тәуелсіздігімізден толықтай айырылып қаламыз деп топшылайды. 16 маусымда өткен наразылық шеруіне 2 миллион тұрғын қатысты. Наразылық шерулерінің соңы құқық қорғау органдарымен қақтығысқа ұласып жатыр. Шеру барысында "Біз ұлтымыз бір болса да, ойлау жүйеміз басқа", "Германия мен Аустрия бір тілде сөйлесе де, өзге мемлекет, бізде солай істеуге тиіспіз", "Гонконг жеке өмір сүре алады" деген ұрандар айтылуда. Гонконг жұрты Қытайдан бөлінуге ниетті екенін, өйткені Бейжің адам құқығын ұстанбайтынын баса айтуда. 1997 жылы Қытай құрамына қайтарылған Гонконгте соңғы жылдары коммунистік көзқарас етене ене бастаған. Қытай билігі Гонконгтегі наразылық Бейжіңнің ішкі мәселесі деу арқылы, сырттан ешкімнің араласпауын талап етуде. 

                                                                                                                                                 
Ақпарат көзі:
 politic.bugin.kz

Соңғы жаңалықтар