Google сарапшылары іздеу бойынша сауалдар тарихын талдай отырып, қызықты үрдісті анықтады. Интернет пайдаланушыларын дәстүрлі университеттерден гөрі онлайн-курстар көбірек қызықтыратын көрінеді. Сөйтіп, рейтингіде американдық Феникс университеті іздеу сауалдары рейтингісінде көш бастап тұр, өйткені мұнда көптеген онлайн курстарды ұсынатын көрінеді. Екінші орында Google пайдаланушыларында танымалдығы жағынан Массачусетс технологиялық университеті шықты. Ол өткен аптада әлемнің үздік университеті болып танылған еді. Ол да өзінің онлайн-курстарымен даңқы шықты, деп атап өтеді Би-би-си. Еуропада британдық Ашық университет көш бастады, ол қашықтан оқытудың ізашары болған еді. Жалпы тізімде ол үшінші орында. Ал Оксфорд — 13-ші орында, ал Кембридж ТОП-20 тізіміне де енбей қалған.
Ал Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің ректоры «Эхо Москвы» радиосының эфирінде онлайн-курстар көбіне беделді жоғары оқу орындары үшін пайдаланылатынын айтты, сондықтан да беделді университеттердің қашықтан оқытуды дамуына әсер ете алмайды. Британдық жоғары оқу орындарының кейбір жетекшілері де бұқаралық онлайн-курстардың ықпалы тым асыра айтылғандық деп санайды.