«Қазақстан билігі ақпараттық хабар таратып, онда жаңа ережелер бұрын тіркелген домендік аттарға таралмайтындығын нақтылады. Ол дегеніңіз біз google.kz парақшасын қайта іске қоса аламыз деген сөз. Біз Қазақстан тұрғындарына осы маңдағы ғана іздеу қызметі қайтадан қол жетерлік болғанына қуаныштымыз», - делінген сәрсенбі күні таратылған хабарда.
Сонымен қатар компания, Қазақстан билігі өз шешімін kz доменінде қайтадан тіркелетін аттарға қатысты қайта қарайтын шығар деп үміттенеді.
Бұрын хабарлағандай, 8-ші маусымда Google компаниясы Қазақстан билігі бұйрық шығарғанын хабарлады. Ол бойынша kz зонасындағы барлық домендік аттар ел ішіндегі серверлерде орналасуы тиіс. Сол бұйрыққа сай, олар Google-ді барлық іздеу сұраныстарын google.kz-ден Қазақстанда орналасқан серверлерге бағыттауын міндеттеді. Өз кезегінде Google одан бас тартып, оның орнына google.kz-ға барушыларды қазақ тіліндегі www.google.com сайтына жіберуді ұйғанған болатын.