Google ресейлікті "G" әріпі үшін сотқа берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Google ресейлікті "G" әріпі үшін сотқа берді

Google ресейлікті "G" әріпі үшін сотқа берді

Google компаниясы ɢoogle.com доменіне иелік ететін ресейлік Виталий Поповты сотқа берді, деп хабарлайды Vice Motherboard.

  • 1 Ақпан 2017
  • 242
Фото - Caravan.kz

Поповтың сайты Google іздеу жүйесінен бір ғана символмен ерекшеленеді екен. Ресейлік азамат үлкен "G"-дің орнына "ɢ"-ді пайдаланған.

Компания Поповтың ɢoogle-сайты спамдар жіберген, пайдаланушылардың дербес деректерін жинаумен айналысып, зиянды бағдарламалар таратқан деп отыр.

Ал, Виталий Попов болса Google-дің оған жалған айып тағып отырғанын және бұл доменнен айырылмайтынын мәлімдеді.

«Менің спам-хабарламалар таратқаным туралы бір де бір дәлел жоқ», — дейді ресейлік.


Google болса сот аяқталғанша компанияның ешқандай түсініктеме бермейтінін айтты.