Басылым авторы арнайы эксперимент жасап, бір апта Google іздеу жүйесін мүлдем ашпаған. Автор тәжірибе басында өзінің қиналғанын жасырмады.
«Google-ды өміріңнен сызып тастау — өте үлкен іс. Google картасы жол табуыма көмектеседі, Google менің қосымшаларымды басқарады. Google YouTube иесі. Яғни, мен тәжірибе барысында іздеу жүйесінен, браузерден, картадан, YouTube желісінен бас тарттым. Осылайша мен өзімді мисыз қалғандай сезіндім. Google — менің миым екен ғой деп ойладым», деп жазады автор. Оның жазуынша, автор онлайн жүйелерге үйренген ми тіпті терең ойлауға да қиналатынын түсінген.
«Google біздің көңілімізді аулап тұрады екен. Он жыл бұрын біз интернетте көп уақыт өткізгенімізбен, онлайн мен оффлайнды ажырата алатынбыз. Ал қазір интернетте өмір сүретін болыппыз», дейді ол.
Автордың айтуынша, Google әр секунд сайын 63 мың, жылына 2 трлн іздеу сұранысын алады.
«Google мен басқа платформалар біздің назарымызды аударады. Осылайша біз өзімізді қоршаған ортаға, айналамызға мүлдем назар аудармаймыз. Жалқаулық, сенгіштік пен өркөкіректік біздің тәуелді өмір сүруге құштар екенімізді дәлелдейтіндей. Әрине, мен банкке барып кезекке тұру, дүкен жабық болғандықтан тауар сатып ала алмау секілді жағдайлардан құтылғаныма қуаныштымын. Дегенмен, Google бізге сыйлаған барлық жеңілдік үшін біз де ақы төледік: біз өміріміздегі күтпеген сәттер мен қуаныштардан бас тарттық», деп жазады автор.