Горбачев 1,5 жылдай ауруханада жатқандығын мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Горбачев 1,5 жылдай ауруханада жатқандығын мойындады

Горбачев 1,5 жылдай ауруханада жатқандығын мойындады

КСРО экс-президенті Михаил Горбачев сейсенбіде "Наедине с собой" кітабының тұсау кесер рәсімі кезінде соңғы жылдары денсаулығының қатты нашарлап кеткендігін айтты.

  • 14 Қараша 2012
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Соңғы бес жылда төрт операциядан өттім», деді М.Горбачев.

«Соңғы бір жарым жылдай ауруханадан шықпадым. Аяғыма жаңадан тұрғандай болдым», деді 81-жастағы экс-президент.
Өзін қол шапалақтап құрметтегендерді ол 90-жылдық мерейтойына шақырды.
«Иә, шамам келгенше жұмыс істегім келеді», деді М.Горбачев.
КСРО экс-президенті кітапты ең алдымен марқұм жұбайы Раиса Горбачеваға арнап жазғандығын айтты.
«Интерфакс» тілшісінің айтуынша, Воздвиженка көшесіндегі «Мәскеу» кітап дүкеніне кітаптың тұсау кесер рәсіміне көп адам келген.
Сатушылардың бірі далада кезекте бес жүздей адам тұр, мұндай болады деп күтпеп едік, деп айтты.
М.Горбачевтің кітабы 10 мың дана тиражбен шығарылған. Көлемі 600 беттен асады.

Соңғы жаңалықтар