"Горилладан адамдар өліп жатыр": Энергетикалық сусындарға шектеу қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Горилладан адамдар өліп жатыр": Энергетикалық сусындарға шектеу қойылды

"Горилладан адамдар өліп жатыр": Энергетикалық сусындарға шектеу қойылды

Қазақстанда энергетикалық сусындар енді 21 жастан бастап сатылады.

  • 5 Маусым
  • 18
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутатының айтуынша, энергетикалық сусындар жасөспірімдерді құмар ойындар ойнауға итермелейді әрі денсаулыққа зиян, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бүгін мәжіліс депутаттары тиісті түзетулерді қабылдады.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, енді энергетикалық сусындарды сатып алу үшін азаматтардың жасы 21-ден асқан болуы керек. Энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынуы мүмкін.

Соның ішінде автоматтар, басқа электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы сату да қарастырылған.

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, құмар ойындарға тәуелді азаматтар — энергетикалық сусындар  негізгі тұтынушылары. 

«Құмар ойындарға тәуелді азаматтар түні бойы ұйықтамай ойнау үшін энергетикалық сусындар  тоқтамастан ішеді. Сонымен қатар, ҚМА мәліметтері бойынша, бүгінде 200 мыңнан астам кәмелетке толмағандар үнемі құмар ойындар ойнайтын. Мүмкін, бұл жасөспірімдер энергетиктерден басы айналып ставкалар жасайды. Оған қоса энергетиктер алкогольге қарағанда қауіпті. Қазір тіпті 10 жасар бала да энергия беретін сусынды оңай сатып ала алады», — деді депутат.