G-park компаниясы «Мадрид» тұрғын үй кешеніне жылу берілгенін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
G-park компаниясы «Мадрид» тұрғын үй кешеніне жылу берілгенін мәлімдеді

G-park компаниясы «Мадрид» тұрғын үй кешеніне жылу берілгенін мәлімдеді

G-park құрылыс компаниясы «Мадрид» тұрғын үй кешеніпәтерлерін жылыту мәселесіне қоғамда назар аударылғанына қатысты мынаны хабарлайды:

  • 22 Қараша 2022
  • 10
Фото - Caravan.kz

G-park құрылыс компаниясы егжей-тегжей жұмыс жүргізді. Тұрғын үй кешенін пайдалануға өткізген кезде жылу беру үшін жалпы ұзындығы 1 км 600 метр жылу құбыры салынды. G-park құрылыс компаниясына тиесілі учаске (800 метр) жобаға сәйкес толық іске қосылды.

Осы жылдың 16 қарашасында жоспарға сәйкес құрылыс компаниясы мынадай жұмыс кезеңіне кірісті: тұрғын үй кешенінен бастап қосылу нүктесіне дейін қосымша 800 метр жылу құбыры тартылды.

Жұмыс тәулік бойы үздіксіз жүргізілді. Жедел штаб іске кірісті: дәнекерлеушілердің 17 бригадасы, әртүрлі жұмысты атқаратын жұмысшылардың 2 бригадасы, 7 автокран, 2 жүк тиегіш жұмылдырылды. Жұмысшылар тонып қалмасын деп жылы пунктер берілді, бригадалартамақпен қамтамасыз етілді.

Қазіргі кезде барлық жұмыс аяқталды: жылу торабына жылу беру қуаты 85 градусты, айынылымда 41-42 градустықұрайды, сәйкесінше пәтерлер іші жылы.

Осылайша G-Park құрылыс компаниясы барлық міндетті орындады: жылу құбырын салу бойынша монтаж жұмыстарын аяқтап, барлық қаржылық шығынды жапты.

Қазіргі кезде ақпарат айдынында жалған, тексерілмеген мәлімет тарату, түймедейді түйедей көрсету немесе ақпаратты бір жағынан ғана беру практикасы белең алғанына назар аударғымыз келеді. Біздің заңгерлер бөлімі әр жағдайды заң тұрғысында зерделейтін болады. Осы шаралар танылу, ел аузында болу үшін жасалады. Тура сондай тәжірибе осы жағдайда байқалды. Бірнеше тұрғын үй кешенін салу және пайдалануға беруде көп жылдық тәжірибесі бар (25 тұрғын үй кешені енгізілді, тағы 17 нысан салынып жатыр) G-Park командасы әрқашан кері байланысқа шығып, өз клиенттерімен жеке жұмыс істеуге дайын екеніне сендіргіміз келеді.


Клиенттердің бізге артқан сенімін бағалаймыз!

Барлық сұрақ бойынша мына телефондарға хабарласуды сұраймыз:

+7 (7172) 444 444, 404-404, мобильді телефон +7 (777) 00 66 666

әлеуметтік желілер:

https://www.instagram.com/gpark.official/

https://www.facebook.com/gpark.official/

Соңғы жаңалықтар