Грант пен несиеге ие болған талапкерлердің басым бөлігі Павлодар педагогикалық университеті мен Қазақ Ұлттық техникалық университетіне оқуға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грант пен несиеге ие болған талапкерлердің басым бөлігі Павлодар педагогикалық университеті мен Қазақ Ұлттық техникалық университетіне оқуға түсті

Грант пен несиеге ие болған талапкерлердің басым бөлігі Павлодар педагогикалық университеті мен Қазақ Ұлттық техникалық университетіне оқуға түсті

Грант пен несиеге ие болған талапкерлердің басым бөлігі Павлодар педагогикалық университеті, Қазақ Ұлттық техникалық университеті, Қазақ Ұлттық Университеті мен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түсті. Бұл туралы бүгін, 14-тамызда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Геннадий Гамарник хабарлады. Аталмыш жоғары оқу орындарында тиісінше 1422, 1311, 1042 және 1017 студент оқитын болады.

  • 14 Тамыз 2003
  • 1393
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылы жоғары оқу орындарына түсуге 164,9 мың талапкер тілек білдірген. Барлығы 24 мың 438 адам грант пен несиеге ие болды. Мемлекеттік гранттар мен несиелердің 30 проценті ауыл жастарына, 2 проценті оралмандар мен шетелдердегі қазақ диаспорасы өкілдеріне арналады. Соның нәтижесінде ауыл мектептерін бітірген 9775 түлек пен 775 оралман студент атанды. Сондай-ақ, 340 жетім бала мен халықаралық келесім шартына сәйкес Ресей мен Қырғызстанның 42 азаматы грантқа ие болды.

Г.Гамарниктің хабарлауынша, жалпы талапкерлердің 28 проценті ең төменгі шек ретінде белгіленген 40 баллды жинай алмады. 989 талапкер 100-ден жоғары балл («5»-тік баға) жинады.
Тестілеу барысында «журналистика», «халықаралық қатынастар» және «дизайн» мамандығы бойынша ең жоғары балл тіркелді. Ал «жылу физикасы», «астрономия», «баспахана машиналары» мамандығы бойынша талапкерлер ең аз балл жинаған.