"Грантқа түсу үшін 5 мың доллар сұрады": Жас актер оқуға түсу үшін өнер колледжі ақша сұрағанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Грантқа түсу үшін 5 мың доллар сұрады": Жас актер оқуға түсу үшін өнер колледжі ақша сұрағанын айтты

"Грантқа түсу үшін 5 мың доллар сұрады": Жас актер оқуға түсу үшін өнер колледжі ақша сұрағанын айтты

Жас актер Рауан Ахмедов "Taboo" бағдарламасына сұхбат беріп, колледжге түсерде одан ақша сұрағандарын айтты.

  • 11 Сәуiр
  • 54
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Біз оқуға түскен кезде жемқорлық болды. Грантқа түсу үшін ақша сұрады. Грантқа түсу үшін 5 мың доллар сұрады-ау деймін. Мен әкесіз өскенмін. Анам, ағам және мен. Ағам екеуміз бір жылда түстік. Ағам 11 бітіріп түссе, мен 9 сыныпты бітіріп түстім. Анам абдырап қалды. Маған грантқа түсу маңызды болды. Грантқа ақша таба алмадым. Сондықтан ақылы топқа түстім. Гульвира ұстазым демеуші тауып беріп, 50 пайызын ғана төледім. Маған өте жеңіл өтті. Анам қатты қиналған жоқ. Ол кезде жауапкершілік басқалардан жүз есе қатты болды. Әрбір тиынның қадірін білдім», — деді актер Рауан Ахмедов.