Грантта оқитындарға үш жыл мамандығы бойынша жұмыс істеу міндеттелгелі жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грантта оқитындарға үш жыл мамандығы бойынша жұмыс істеу міндеттелгелі жатыр

Грантта оқитындарға үш жыл мамандығы бойынша жұмыс істеу міндеттелгелі жатыр

Биылғы грант жеңіп алып, мемлекет қазынасы есебінен оқыған талапкерлер мемлекетке қарыз болмайды. Алайда келесі жылдан бастап грантқа түскендерге кемінде үш жыл мемлекеттік қызметте мамандығы бойынша жұмыс істеу міндеттелетін болады.

  • 29 Маусым 2016
  • 695
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Биыл дәрігер немесе мұғалім боламын деп шешіп, грантқа түскен талапкерлер, университетті тәмамдағаннан кейін мамандығы бойынша үш жыл жұмыс істеуі тиіс. Бұл “Білім туралы” заңға енгізілген өзгерістер шеңберінде қабылданып отыр. Тағы бір жылдан соң, 2017 жылдан бастап бұл ереже жоғарғы оқу орындарына бюджет есебінен оқуға түскен барша студент үшін міндетті нормаға айналмақ.


— Мемлекет 2017 жылы грантқа оқуға түсетіндерден болашақта еңбекке араласу деңгейіне байланысты дайындық жұмыстарын жүргізеді. Ішінара мемлекеттік тапсырыстың бөлінуін де қайта қарайды. Гранттар әр аймақтағы еңбек нарығындағы талап бойынша бөлінбек. Осының арқасында университет түлектері жылдам жұмыс орнын таба алады, – дейді ҚР білім және ғылым министрлігі мониторинг, білім несиесі және еңбекке орналасу қаржылық орталығының жетекшісі Мәди Шабаров.