Грецияда дефолттың болу мүмкіндігі жаңа жалпы дағдарыстың басталуына әкеп соғуы ықтимал
Грецияда қалыптасып отырған жағдай еуроаумаққа қауіп туғызбас үшін Люксембургтегі кездесу барысында шешім табуға тиіспіз, деді жексенбіде журналистерге Бельгияның қаржы министрі Дидье Рейндерс. |
Бұл туралы Д.Рейндерс Люксембургте еуроаумақтың экономика және қаржы министрлерінің кездесуі барысында айтты.
Ол атап өткендей, Грецияда дефолттың басталуына жол берер болсақ, жалпыға ортақ дағдарыс басталады. "Бір америкалық банк Lehman Brothers дефолтқа ұшыраған кезде, ол бүкіл еуропалық елдер үшін, оның ішінде Бельгия, Франция, Германия, Люксембург үшін проблема туғызған. Грецияның қарызы бойынша дефолт болатын болса, оның әсері бүкіл елдерге тиіп кетеді", деді Д.Рейндерс.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін