Жарияланды: 340

Грецияда үнемдеудің қатаң шараларына қарсы 48-сағаттық ереуіл басталды

Грецияда 48-сағаттық ереуіл басталды, ереуілге шыққандар шығындарды қысқартудың жаңа шараларына қарсы, деп хабарлады сейсенбіде ВВС телерадиокорпорациясы.

Сейсенбіде түстен кейін Афины орталығында өткізілуі көзделген наразылық шерулеріне қоғамдық көліктердің қызметкерлері, такси жүргізушілері, әуе қозғалысының диспетчерлері, ауруханалардың қызметкерлері, заңгерлер және журналистер қатыспақ. Сәрсенбіде парламентте қатаң үнемдеу шаралары қаралмақ, акция соған қарсы ұйымдастырылған. Жаңа шараларға орай зейнетақы бесінші рет қысқартылмақ, зейнетақыға шығу жасы ұлғайтылмақ, жалақы және денсаулық сақтау жәрдемақылары азайтылмақ. Бұл шаралар 2016 жылға қарай 13,5 млрд еуро үнемдеуге мүмкіндік бермек. Елдің премьер-министрі Антонис Самарас жалақы мен зейнетақы соңғы рет қысқартылады деп айтып, жұртшылықты тыныштандыруға әрекет етуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін