Грециялық құқық қорғаушылар Қазақстанның қылмыстық атқару жүйесінің ашықтығын атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грециялық құқық қорғаушылар Қазақстанның қылмыстық атқару жүйесінің ашықтығын атап өтті

Грециялық құқық қорғаушылар Қазақстанның қылмыстық атқару жүйесінің ашықтығын атап өтті

АСТАНА. 3-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстанның қылмыстық атқару жүйесінің ашықтығын атап өткен Грециялық құқық қорғаушылар еліміздің тәжірибесін алып пайдаланбақшы. Бүгін журналистерге берген сұхбатында Греция оимбудсменінің орынбасары Андреас Такис жүйеге осындай баға берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 3 Тамыз 2006
  • 417
Фото - Caravan.kz



«Менің байқауымша, мемлекеттік мекемелер осы бағытта жұмыс істейтін шетелдік әрістестермен және институттармен байланысқа шығуда ашықтық танытуда. Осы жүйеде жұмыс істейтін шетелдік өкілдер мен бақылаушылар үшін түрмелердің есігі ашық. Сондай-ақ біз қамаудағылардың қоғаммен байланысы бар екенінен көз жеткіздік»,- деді А.Такис.

«Түзету мекемелерін жаңалау жобасына Әділет министрлігі де, омбудсмен кеңсесі де мүдделілік танытып отырғанын аңдадық»,- деді ол.

Шетелдік құқық қорғаушылардың пікірінше, түзету мекемелеріндегі ашықтық мемлекеттік мекемелердің қылмыстық-атқару жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп реформалауға деген ниетін дәлелдейді.

Греция омбудсменінің өкілдері Қазақстанда омбудсмен институтының ролін күшейту жобасының аясында елімізге келген. Сапар барысында Грециялық құқық қорғаушылар Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесі қызметкерлеріне арнап сотталғандар құқығы бойынша семинар өткізді. Жобаны Еуропалық Одақ қаржыландырған.

Перейти к новостям спорта